Նորություններ

24.11.2021 (Обновлено: 31.03.2022 13:23)

Сергей Глазьев пен Мгер Григорян 2025-Стратегиясын іске асыруды талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Ереванға жұмыс сапары кезінде бірқатар кездесулер өткізді. 19 қарашада Сергей Глазьевтің Армения вице-премьері, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Мгер Григорянмен кездесуі болып өтті, онда ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары басты назарда болды. 2025-Стратегиясында көзделген шараларды іске асыру жайы да қозғалды.

Сергей Глазьев пен Мгер Григорян 2025-Стратегиясында көзделген жаңа бағыттар, соның ішінде бірлескен кооперациялық бағдарламаларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасты.

Сергей Глазьев Армения Ұлттық ғылым академиясының президенті Ашот Сагянмен де кездесті.

Әңгімелесу барысында академиктер интеграция мақсаттарына қол жеткізу үшін Еуразиялық елдердің ғалымдар қоғамдастығының өзара іс-қимылын жандандырудың, бірлескен ғылыми әзірлемелердің қолданбалы сипатын күшейтудің, барлық қатысушыға елеулі пайда әкелетін маңызы бар бірлескен бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті. Ғалымдар интеграциялық күн тәртібіне жаңа әлеуметтік салаларды енгізу адами әлеуетті дамытуға және Еуразия халықтарының жақындасуына ықпал ететін болады деген бірауызды пікірге тоғысты.

Сергей Глазьев пен Ашот Сагян ЕЭК Алқасының Төрағасы жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

ЕЭК министрі «Интеграция» пікірсайыс клубының мүшелерімен кездесуге де қатысты.

Еуразиялық интеграциялық күн тәртібінің неғұрлым өзекті мәселелері, өңірлік және қосалқы өңірлік даму, сондай-ақ Еуразиялық елдердің талдаушыларының, ғалымдарының, сарапшыларының диалогын кеңейту бойынша ашық әңгіме болды. Сондай-ақ өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру, оларға кең икемділік пен ағымдағы және стратегиялық міндеттерге сәйкестік беру мүмкіндіктері де сөз етілді.