Նորություններ

03.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 09:46)

Сергей Глазьев цифрлық құралдарды ЕАЭО мен Латын Америкасы елдерінің арасындағы сауданы дамыту үшін пайдалануды ұсынды

Мұндай ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев 3 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде өткен «Ресей – Латын Америкасы» сессиясында айтты.

Сергей Глазьев ЕЭК Латын Америкасының мемлекеттерімен де, сондай-ақ өңірлік бірлестіктерімен де көптеген меморандумдар жасасты, сол арқылы қатынастарды ресмилендірді деп атап өтті. Алайда Еуразиялық экономикалық одақтың Латын Америкасы елдерімен жиынтық тауар айналымы ынтымақтастық әлеуеті аса зор бола тұрса да сыртқы сауданың бар-жоғы 2,5% құрайды.

«Біз өз міндетімізді орындадық – қарым-қатынастардың құқықтық негізін жасадық. Алайда бизнесті еңсеруге тиіс екі тосқауыл бар. Олар, біріншіден, кәсіпорындардың арасындағы тікелей байланыстар есебінен транзакциялық шығындарды азайтумен өтеуге болатын география. Және, екіншіден, ақпараттың жетіспеуі: Ресейде Латын Америкасы туралы аз біледі, ал Латын Америкасында Ресей туралы аз біледі және ЕАЭО басқа мемлекеттері туралы одан да аз біледі. Бизнеске бір-бірінің мүмкіндіктері мен бәсекелік артықшылықтары туралы көбірек ақпарат беру қажет», – деді Сергей Глазьев.

Оның пікірінше, өзара есеп айырысу мәселесі де өзекті болып табылады. Одақ елдері доллармен есеп айырысудан біртіндеп алшақтай бастады, бұл ретте ұлттық валюталар биржаларда қолданылмайды.

«ЕАЭО мен Латын Америкасы бизнесіне тікелей сауда жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық валюта, цифрлық құралдар жасау мәселесін қарастыруға болады. Бірақ мұндай бастама бизнестің өзінен шығуға тиіс», – деген ұсыныс жасады ЕЭК министрі.

ПХЭФ алаңдарында Сергея Глазьевтің Гватемала Республикасының экономика министрі Роберто Антонио Моралеспен, Чили Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Родриго Яньеспен және Бернардо Агилар басқарған Мексика делегациясымен кездесулері болды. Кездесулердің барысында диалогты жандандыру және интеграциялық бірлестіктердің, атап айтқанда, Тынық мұхиты альянсы мен СИЕКА-ның желісі бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Видео