Նորություններ

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:37)

ЕЭК Кеңесі теңіз кәсіпшілігі өніміне кеден әкімшілігін жүргізуді оңайлату туралы РФ бастамасын мақұлдады

ЕЭК Кеңесі Ресей Федерациясының Одақ мемлекеттерінің кемелері айрықша экономикалық аймақта немесе ашық теңізде аулаған немесе өндірген теңіз кәсіпшілігі өнімдеріне кеден әкімшілігін жүргізуді оңайлату жұмысын бастау туралы ұсынысын қолдады. Қазір, ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларына сәйкес ашық теңіз аумағы Одақтың кедендік аумағына жатпайды, бұл онда өндірілетін балық өнімін Еуразиялық мәртебесі бар тауар ретінде қарауға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан, ресейлік жүзбелі зауыттардың 200 мильдік аймақ шегінен тыс өндірген өнімін кеден органдары шетелдік өнім ретінде қарауға мәжбүр болуда.

Комиссияға мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп Ресей тарапы дайындаған ЕАЭО Кеден кодексіне бірқатар өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын қарауды қамтамасыз ету тапсырылды.