Նորություններ

13.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:41)

ЕАЭО-да Tax-Free бірыңғай жүйесі құрылуы мүмкін

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев пен Беларусь Республикасының Қаржы министрі Юрий Селиверстов Минскідегі кездесуде Еуразиялық экономикалық одақта ЕАЭО-ның резидент емес – жеке тұлғаларына ҚҚС-ты қайтаруды көздейтін Tax-Free бірыңғай жүйесін құру және әкімшілік жүргізу перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, тараптар ЕАЭО елдеріндегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық саудасы кезіндегі жанама салықтар мәселелерін, сондай-ақ өзара саудадағы тауар айналымына фискалдық мониторинг механизмін қалыптастыруды қарады.