Նորություններ

19.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:11)

ЕАЭО-да Үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды ынталандыру үшін Одақтың үшінші елдердің мүдделі әріптестерімен және интеграциялық бірлестіктермен Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнімдер үшін жекелеген келісімдер жасасуы арқылы өзара іс-қимылының нақты құрылған форматы көзделген.

 

ЕАЭО мемлекеттері мен үшінші елдердің арасында өзара жеткізілетін өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелерін өзара тануға қол жеткізу мақсатында сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің тең дәрежесін, міндетті талаптардың салғастырмалы болуын, сондай-ақ осыған уәкілетті органдардан алынған сәйкестікті бағалау нәтижелерін ғана тану қамтамасыз етілуге тиіс.

 

Келісім ішкі нарықты қорғау және көпжақты сауда қатынастары дамуының өскелең үрдісі сәтінде маңызды рөл атқарады. Оның маңызды аспектісі Одақтың қарымды әріптестермен сауда-экономикалық қатынастарын өсіру жөніндегі векторды дамытуы шеңберінде сауда тосқауылдарын алып тастау кезіндегі мүдделер теңгерімін сақтау болып табылады.


Анықтама:

Келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабын іске асыру мақсатында дайындалды.