Նորություններ

14.09.2021 (Обновлено: 13.01.2022 10:04)

ЕАЭО-да үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою үшін жағдайлар жасалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері 14 қыркүйекте Үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жоюдың тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қоюға уағдаласты.

Келісім ЕАЭО-ның сауда қатынастарына мүдделі үшінші елдердегі әріптестерімен және интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимылының дәл түзілген форматын көздейді. Бұл формат Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнім үшін жекелеген келісімдер жасасуды көздейді.

ЕАЭО мемлекеттері мен үшінші елдері арасындағы өзара жеткізілетін өнімдердің сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану мақсатында сәйкестікті бағалау органдарының аккредиттеу рәсімдерінің тең мағыналылығы, міндетті талаптардың салғастырмалығы, сондай-ақ осыған уәкілетті органдардың сәйкестікті бағалау нәтижелерін ғана тану қамтамасыз етілуге тиіс.

«Келісім халықаралық сауданы қарышты қалпына келтіру жағдайында ішкі нарықты қорғауға мүмкіндік береді. Құжаттың түйінді аспекті - Одақтың қарымды әріптестермен сауда-экономикалық қатынастарын ұлғайта өсіруін ескере отырып, сауда тосқауылдарын жою кезіндегі мүдделер теңгерімін сақтау»,- деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

Құжатқа осы жылғы 14 қазанда Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол қою жоспарлануда.