Նորություններ

19.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 11:12)

ЕАЭО-да кеден органдары және тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беретін органдар ақпарат алмасатын болады

ЕЭК Алқасы 19 мамырда «Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану» жалпы процесін іске асыру қағидаларына өзгерістерді қабылдады. Бұл кеден органдары мен тауарлардың жекелеген санаттарының экспорты мен (немесе) импортына лицензия беру үшін жауапты органдар арасында мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға мүмкіндік береді.

«ЕЭК-тің бұл бағыттағы жұмысы кеден органына құжатты (лицензияны) қағаз түрінде ұсынбауға мүмкіндік береді. Кеден операцияларын жасау үшін қажетті лицензиялардың мәліметтері кеден органдарына олардың сұратуы бойынша Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жіберілетін болады», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Олег Панкратов.