Նորություններ

03.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 10:23)

ЕАЭО-да тері антисептиктеріне қойылатын талаптар бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға өзгерістер енгізді. Құжат сырт теріні дезинфекциялауға арналған құралдарға (тері антисептиктеріне) қойылатын талаптармен және олардың уыттылығы мен қауіпсіздігін бағалауды зерделеуге арналған құжаттар тізбесімен толықтырылды. Тері антисептиктеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу тіркеу процесін және COVID-19 жағдайында халықтың, медициналық және басқа ұйымдардың өскелең талабына байланысты оларды айналысқа шығаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Тізбемен толықтыру Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркеу сынақтары кезінде дезинфекциялық құралдардың уыттылығы мен қауіпсіздігіне жүргізілетін сынау нәтижелерінің талаптары мен салыстырмалығы бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Енді тіркелуі бағамдалған дезинфекциялық құралдың уыттылығы мен қауіпсіздігін бағалауды тізбеге кірістірілген әрі дезинфекциялық өнімнің мәлімделген түрі үшін сынау тәртібін регламенттейтін әдістердің кез келгеніне сәйкес жүргізу мүмкін болады.