Նորություններ

12.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 11:41)

ЕЭК-те медициналық бұйымдардың одақтық нарығының жұмыс перспективалары және сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған тауарларды ЕАЭО-ға әкелу тәртібі талқыланды

ЕАЭО-да келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитеттің 11 қарашадағы отырысында 2022 жылғы 1 қаңтардан кейінгі медициналық бұйымдардың одақтық нарығының жұмыс перспективалары және сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа әкелу тәртібі қаралды.

Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде Медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға тезірек қол қою қажеттігі туралы сөз болды. Хаттама жобасында Одақ елінің заңнамасы бойынша тіркелген медициналық бұйым осындай бұйымдарды тіркеу фактісін растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оның аумағында айналысқа шығарылады және осы елдің аумағында ғана айналыста болады. Заңнамасы осындай режимді көздейтін мемлекеттер үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап хаттаманы ол ратификацияланға дейін қолдануға жол беріледі.

Комитет мүшелері Одақ елдерінен мемлекетішілік рәсімдерді 1 желтоқсанға дейін аяқтауды және 31 желтоқсанға дейін хаттамаға қол қоюды қамтамасыз етуді сұраған шешім қабылдады. Бұл келісімде белгіленген реттеудің өтпелі кезеңінің аяқталуы себепті одақтық мемлекеттердегі олардың тапшылығын алдын ала ескерте отырып, медициналық бұйымдарды айналысқа дер кезінде шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған тауарларды ЕАЭО-ға әкелуге қатысты пікірсайыс шеңберінде осындай тәртіпті толықтыру мүмкіндігі талқыланды. Одақ елдерінің бірі бұдан бұрын еркін экономикалық аймақтар үшін техникалық реттеудің бұл шараларын сақтау бөлігінде айрықшалықта қалдыру болуы мүмкіндігі жайында пікір білдірді. ЕЭК дайындаған тәртіпті өзгерту жобасын комитет қарады. Бұдан кейін комитет мүшелері ЕЭК Кеңесіне құжатты жаңа редакциясында қабылдау туралы өтінішпен қайырылды.