Мгер Григорян

Мгер Григорян

1972 жылы 15 ақпанда Аштарак қаласында туған.

1989-1991 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқыды.

1991-1994 жылдары ЕМУ-дің заң факульетінде оқыды және бітіріп, заңгер біліктілігін алды.

1997-1998 жылдары Лидса университетінің (Ұлыбритания) бизнес-мектебінің 6 айлық біліктілік курсынан өтті.

1994-1996 жылдары Ресей Федерациясында жекеше кәсіпкерлікпен айналысты.

1996 жылы кәсіби қызметін Орталық банкте бастады, 1997-1999 жылдары заң басқармасының басшысы лауазымында болды.

1999-2005 жылдары «Айнерардбанкте» (қазіргі «Америя» банкі) заң қызметінің басшысы, операциялық директор лауазымдарында жұмыс істеді.

2002-2006 жылдары Дүниежүзілік банкке заң консалтинг қызметтерін көрсетті.

2004-2005 жылдары «HSBC-Армения» банкінде заң қызметінің басшысы қызметін қоса атқарып жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары «Инекобанк» атқарушы директоры болып істеді.

2007-2011 жылдары «ВТБ-Армения» банкінде атқарушы директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2006-2018 жылдары «Арка Кредит Репортинг» кеңесі мүшесі қызметін атқарды.

2011-2018 жылдары «Ардшинбанк» басқармасының төрағасы қызметінде болды.

2012-2018 жылдары «Армения Иншуранс» сақтандыру компаниясы кеңесінің төрағасы лауазымында болды.

2018 жылғы 12 мамырда Армения Президентінің Жарлығымен Армения Республикасының вице-премьері болып тағайындалды.

2018 жылғы 16 қазаннан бастап Армения Республикасы вице-премьерінің міндетін атқарушының функцияларын орындады.

2019 жылғы 16 қаңтардан бастап Армения Президентінің Жарлығымен Армения Республикасының вице-премьері болып тағайындалды.


Наградалары
2016 жылы ҚХР президентінің жарлығымен экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін “Анания Ширакаци” медалімен марапатталған.

2017 жылы Армения Республикасы Президентінің Жарлығымен Армения Республикасының Тәуелсіздік күніне орай экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін “Анания Ширакаци” медалімен марапатталған.


Басқа деректер

Запастағы офицер.

Армян-Ресей университетінің экономика және бизнес институтында сабақ береді.

 

Партияда болуы

Партияда жоқ.

Жеке деректері

Үйленген, қызы мен ұлы бар.