Петкевич Наталья Владимировна

Петкевич Наталья Владимировна

1972 жылы Минск қаласында туған.

1994 жылы Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1994-1995 жылдары Беларусь Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасы мемлекеттік құқық бөлімінің жетекші маманы болды.

1995-1998 жылдары – Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының бас маманы, кеңесші-консультанты, мемлекеттік және халықаралық құқық бөлімінің меңгерушісі.

1998-1999 жылдары Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас мемлекеттік-құқықтық басқармасының мемлекеттік және халықаралық құқық басқармасының бастығы болды.

1999-2001 жылдары – Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас мемлекеттік-құқықтық басқармасы мемлекеттік-құқықтық басқармасының бастығы – бас басқарма бастығының орынбасары.

2001-2004 жылдары – Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2004-2009 жылдары – Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2009-2010 жылдары – Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2011-2014 жылдары – Беларусь Республикасы Президентінің көмекшісі.

2024-2025 жылдары Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

2025 жылы – Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.