Игорь Петришенко

Игорь Петришенко

1965 жылы Гомель облысының Ветковск ауданындағы Неглюбка деревнясында туған.1986 жылы Вильнюстің командалық радиоэлектроника училищесін, 1992 жылы Қызыл тулы Әскери институтты, 1998 жылы Беларусь Президенті жанындағы Басқару академиясын бітірген.

1986-1996 жылдары Қарулы Күштерде қызмет еткен. 1996 – 1999 жылдары Беларусь Министрлер Кабинеті Аппаратының, кейін Беларусь Министрлер Кеңесі Аппаратының кеңесшісі, бас кеңесшісі, ТМД істері жөніндегі министр аппаратының шарт-құқықтық басқармасының бастығы.

1999 - 2003 жылдары ақпан - тамызда Министрлер Кеңесі Аппаратының мемлекетаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, Министрлер Кеңесі Аппаратының мемлекетаралық ынтымақтастық және сауда бас басқармасы бастығының орынбасары- халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы лауазымында болды.

2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Ресей және Одақтық мемлекет басқармасы бастығының орынбасары.

2003 - 2007 жылдары Беларусьтың Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі, 2007 – 2008 жылдары СІМ Ресей және Одақтық мемлекет басқармасы бастығы.

2008 – 2012 жылдары Беларусь Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2012 - 2018 жылдары Беларусьтың Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Беларусьтың ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Тұрақты өкілі, ҰҚШҰ жанындағы Өкілетті өкілдікті қоса атқарушы және интеграция мәселелері бойынша Беларусьтың арнаулы өкілі.

2018 жылы - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.