Серік Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында туған.
Мәскеудің Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетика институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.
1993-2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006-2007 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007-2008 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары; «Қазақстандық келісімшарт агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2010-2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013-2014 жылдары — ҚР Өңірлік даму вице-министрі.
2014-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
2019-2020 жылдары — Еуразиялық экономика комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министрі).
2020-2022 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
2022 жылғы 15 тамызда ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.