Жұманғарин Серік Мақашұлы
1969 жылы Ақтөбе қаласында туған.
Мәскеудің Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді Энергетика институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.
1993-2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2005-2006 жылдары – Ақтөбе қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болды.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры болды.
2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары; Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісімшарт агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып істеді.
2010-2011 жылдары – «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы болды.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2019-2020 жылдары – Еуразиялық экономика комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министрі).
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.