Алексанян Александр Сергеевич

Өмірбаян

Александр Сергеевич Алексанян 1984 жылғы 9 желтоқсанда Гюмри қаласында (Армения Республикасы) туған.

2007 жылы Владимир мемлекеттік университетін «Математик, жүйелік бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірген.

Департаменттің жаңа директорының ақпараттық технологияларды дамыту және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету саласындағы ірі кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде жинақтаған үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Атап айтқанда, оның басшылығымен «Европротокол онлайн» суперсервисі үшін платформаны сүйемелдеуге қабілетті Ресей автосақтандырушыларының деректерін өңдеу және түсіндіру жолындағы бірыңғай платформаны өнеркәсіптік пайдалануға беру ойдағыдай әзірленіп, іске қосылды.

А.Алексанян Ресей Федерациясының Бас прокуратурасын цифрлық трансформациялау шеңберінде сервистерді әзірлеу үшін платформаларды жобалаумен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы үшін АТ мониторингі бірыңғай жүйесін, РФ мемлекеттік қызметтері арасындағы деректер алмасу жүйесін жобалаумен де айналысты.

А.Алексанянның қатысуымен Ресей үшін бірегей, Деректерді сұйық салқындатылған өңдеудің жоғары өнімді есептеу орталығы ендірілді және ойдағыдай іске қосылды, ол ТМД-ның ТОП-50 суперкомпьютерлері рейтингінде бірінші орын және әлемнің ТОП-500 рейтингінде 62-орын алды. Жоғары өнімді есептеу кешенін (6000-нан астам сервер) басқаруға арналған бағдарламалық қамтылым да әзірленді.

Еңбек қызметі ішінде ТМД-да және Еуропада 10-нан астам жоғары өнімділікті есептеп шығарулар (HPC-жобалар) ойдағыдай іске асырылды, ТМД-ның ТОП-50 ең қуатты суперкомпьютерлеріне және әлемнің ТОП-500-тізімдегі ең қуатты суперкомпьютерлеріне кіретін деректерді өңдеудің жоғары өнімді орталықтары жобаланып, ендірілді.

2020 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрінің көмекшісі болды.

2021 жылғы 27 тамыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып тағайындалды.