Кудрявцев Александр Вячеславович
Александр Вячеславович Кудрявцев 1984 жылы 13 қыркүйекте Минск қаласында туған.
2007 жылы Минск басқару институтын, 2018 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын бітірді.
2009 жылғы қазан айынан бастап 2010 жылғы қарашаға дейін Минскінің Зауыт ауданы әкімшілігінің экономика басқармасының экономикалық даму және талдау бөлімінің бас маманы болып істеді.
2010 жылғы қарашадан 2012 жылғы қазан айына дейін Беларусь Республикасы Сауда министрлігі бөлімінің бас экономисі болды.
2012 жылғы қазан айынан бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейін Беларусь Республикасы Президенті Істер басқармасының Күрделі құрылыс бас басқармасының жинақталым және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болып істеді.
2015 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы сәуірге дейін – Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесі Аппаратының ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2025 жылғы 22 сәуірде ЕЭК-тің Істерді басқару департаментінің директоры болып тағайындалды.