Омурбекова Алтынай Сейтбековна

Омурбекова Алтынай Сейтбековна

Өмірбаян

Алтынай Сейтбековна 1973 жылы Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) туған. Қырғыз мемлекеттік университетінің тарих және заң факультеттерін бітірген.

2000-2008 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2009-2010 жылдары Бішкек қаласындағы Аламудун ауданында жерге орналастыру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасының заңгері болып істеді.

2010-2011 жылдары - Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, Денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат, еңбек және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

2011 жылы Бішкек қаласы Ленин ауданының әкімі болды.

2013 жылы - Бішкек қаласы Свердлов ауданы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта депутат, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші төрағасының орынбасары болды, Бішкек қаласы.

2018-2020 жылдары Қырғыз Республикасы Үкіметінің вице-премьер-министрі қызметін атқарды.

2021 жылғы 1 қазаннан бастап ЕЭК-тің Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.