Прудникова Ольга Филипповна
Ольга Филипповна Прудникова в Могилевте (Беларусь Республикасы) туған.
1989 жылы Белорус-Ресей университетін (инженер-физик) бітірген, бұдан кейін 1999 жылы Белорус заң институтын "Құқықтану" (заңгер) мамандығы бойынша, 2010 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "Өнеркәсіп кәсіпорнындағы экономика және басқару" мамандығы бойынша және 2024 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы "Могилевэнерго" РБК-да бастады, онда басшылық лауазымдарды атқара жүріп, 2010 жылға дейін жұмыс істеді.
2010 жылдан 2013 жылға дейін "БДБ" РБК-да еңбек етті.
2013 жылдан 2017 жылға дейін "Белэнерго" мемлекеттік электр энергетикасы өндірістік бірлестігінің өндірістік-техникалық басқармасының бастығы болып істеді.
2017 жылғы қаңтардан 2025 жылғы мамырға дейін Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары болды.
2025 жылғы 2 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды.