Перейти на старую версию сайта

Бекетаев Руслан Бақытжанұлы

Бекетаев Руслан Бақытжанұлы

Өмірбаян

1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша үздік бітірген. 2011 жылы Бристоль университетін (Ұлыбритания) «Экономика, қаржы және менеджмент» бағыты бойынша үздік бітірген. 2011 жылы Оксфорд университетін, Said Бизнес-мектебін (Ұлыбритания) «Қаржы стратегиясы» бағыты бойынша үздік аяқтаған. 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» бағыты бойынша бітірген. 2019 жылы Лондонның Империал Колледжін (Ұлыбритания) Executive MBA (бизнес-әкімшілендіру магистрі) бағыты бойынша үздік бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында бастады.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау департаментінің бағалы қағаздар нарығындағы инспекциялау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі банктерді қадағалау департаментінің банктерді инспекциялау басқармасының бастығы болып істеді.

2005 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта қаржы полициясы органдарында қызмет етті: Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, экономикалық және қаржылық қылмыстар департаменті бастығының орынбасары болды.

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып істеді.

2014 жылдан бастап 2021 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болды.

2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2011 жылы «Қаржы жүйесінің үздігі» белгісімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен наградталған.

2021 жылғы 5 наурыздан бастап Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды.

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің БелТА АА-ға берген сұхбаты: «Беларусь ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерде өзекті рөл атқарады» 24 2016 ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің БелТА АА-ға берген сұхбаты: «Беларусь ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерде өзекті рөл атқарады» Беларусь, Ресей, Қазақстан, Армения және Қырғызстан екі жыл бойы Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында тіршілік етуде, белгілі бір сын-қатерлерге кезігуде және оларға бірлесіп қарсы тұруға әрекет етуде. Қазанның аяғында Минск Одақ шеңберіндегі кезекті ірі кездесуді қабылдайды – Беларусь астанасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтпек. Осы маңызды іс-шара қарсаңында БЕЛТА тілшісі 2016 жыл ЕАЭО үшін не бергенін, қатарлас импорт пен кеден баждары мөлшерлемелерін белгілеудің проблемалық мәселелері қалай шешілетінін және бірыңғай қаржы нарығын құру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын білу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменовпен кездесті. ​
0/0