1961 жылғы 1 қаңтарда туған.
1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1983 жылы бастаған. 1983 жылдан бастап 1991 жылға дейінгі аралықта аспирант, КСРО Ғылым академиясының Орталық экономикалық-математикалық институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1991 – 1992 жылдары - Ресей Федерациясы Сыртқы экономикалық байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1993 жылы Ресей Ғылым академиясының Орталық экономикалық-математикалық институтында жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісіінң міндетін атқарушы болды, Ресей Федерациясы Сыртқы экономикалық байланыс министрінің бірінші орынбасары, министрі қызметін атқарды.
1993 – 1996 жылдары - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, Мемлекеттік Думаның Экономикалық саясат комитетінің төрағасы.
1996 жылы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Экономикалық қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметінде болды.
1996 – 1999 жылдары - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасының бастығы.
1999 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, МД Экономикалық саясат және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, мүшесі, МД Кредиттік ұйымдар және қаржы нарықтары комитетінің мүшесі болды.
2003 – 2007 жылдары - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, МД Денсаулық сақтау комитетінің мүшесі, МД Бюджет және салықтар комитетінің мүшесі.
2008 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі аралықта ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
2009 – 2012 жылдары - Кеден одағы Комиссиясының жауапты хатшысы.
2012 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі болды.
2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін - М.В. Ломоносов атындағы ММУ, мемлекеттік басқару факультеті, мемлекеттік және муниципалдық басқару теориясы мен әдіснамасы кафедрасының басшысы.
2019 жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі.
Бірқатар мемлекеттік наградаларға ие: «Мәскеудің 850 жылдығына естелік» медалі (1997 ж.), Ресей Федерациясы Президентінің алғысы (2010 ж.), «Достық» ордені (2011 ж.), Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сіңірген еңбегі үшін» медалі (2011 ж.), Қауіпсіздік Кеңесінің мерекелік медалі (2017 ж.).
Басқа наградалары арасында – Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының құрмет грамотасы (2001 ж.), Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төрағасының алғысы (2006 ж.), «Ресей Мемлекеттік Думасының құрылғанына 100 жыл» естелік мерекелік медалі (2006 ж.), 1 дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі (2015 ж.), Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының алғысы (2011 ж.) бар.
300-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, ғылыми еңбектерінің бірқатары - «Ұзақ мерзімді техникалық-экономикалық даму теориясы» (1993 ж.), «Жаһандық дағдарыс жағдайындағы Ресейдің озық даму стратегиясы» (2010 ж.), «Кезекті Ресей революциясының сабақтары: либералдық құрғақ қиялдың күйреуі және «экономикалық керемет» мүмкіншілігі» «2011 ж.), «Украин апаты» (2015 ж.), «Болашақтың экономикасы» (2016 ж.), «Соңғы дүниежүзілік соғыс: АҚШ бастайды және жеңіледі» (2016 ж.), «ХХІ ғасырдағы көшбасшылық үшін шайқас» (2017 ж.), «Болашаққа бұлқыныс» (2018 ж.) атты монографиялары.