1950 жылғы 6 мамырда Минск облысының Несвиж ауданындағы Жаңа Снов деревнясында туған.
1967 жылы Снов орта мектебін күміс медальмен бітірген, 1972 жылы – Брест инженерлік-құрылыс институтын, 1989 жылы – Минск жоғары партия мектебін бітірген.
1972 жылы еңбек қызметін «Минскпроект» жобалау институтында инженер болып бастады.
1972-1973 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1973 жылдан бастап 1983 жылға дейін Минск қаласының коммуналдық шаруашылығында инженерлік және басшылық қызметтерде істеді.
1983-1986 жылдары Минск қаласы халық депутаттары Совет аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, халық депутаттары Минск қалалық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Белоруссия Коммунистік партиясы Минск қалалық комитетінің хатшысы болды.
1986 жылдан бастап 1990 жылға дейін - БКСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі.
1990 жылдан бастап 1995 жылға дейін – БКСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары - БКСР Экономика және жоспарлау мемлекеттік комитетінің төрағасы, Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
1994 жылы Экономикалық одақтың (ТМД) Мемлекетаралық экономикалық комитеті Төралқасының мүшесі болып тағайындалды.
1995 жылдан бастап 2001 жылға дейін - Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2001 – 2010 жылдары - Беларусь Ұлттық ғылым академиясының басшысы (Президенті, 2004 жылдан бастап – Төралқа Төрағасы).
2003 жылдан бастап 2012 жылға дейін Беларусь Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі кіші комитетінің төрағасы болды.
2015 жылдан бастап - Беларусь Республикасының Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің төрағасы.
2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Беларусь Республикасының Премьер-министрі.
2015-2019 жылдары Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі мен Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі жыл сайын өткізетін Беларусь және Ресей өңірлері форумының тең төрағасы болды.
2014 жылы БҰҰ-ның Климат мәселелері жөніндегі саммитіне, сондай-ақ Нью-Йоркте өткен бірінші Беларусь-Америка инвестициялық форумына қатысты.
2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін - бесінші (2015-2016 ж.) және алтыншы (2016-2019 ж.) сайланған Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі жанындағы Жергілікті басқару органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі кеңестің төрағасы (2015-2019 ж.).
«БЕЛАЗ» ашық акционерлік қоғамының Байқаушылар кеңесінің төрағасы болды.
Беларусь Республикасы Президентінің үш алғысына ие болған. «Құрмет белгісі» (1981), ІІІ дәрежелі Отан (2000), ІІ дәрежелі Отан (2020), Достық (Ресей Федерациясы) (2009), Достық (Қытай Халық Республикасы) (2010), Белорус православие шіркеуінің І дәрежелі Святитель Кирилл Туровский (2010) ордендерімен, мерекелік медальдармен, «Беларусь Ұлттық ғылым академиясының «Ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алтын медалі» төсбелгісімен (2014), Молдова Ұлттық ғылым академиясының Д. Кантемир медалімен, Армения Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Үлкен алтын медалімен, Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің және Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының құрмет грамоталарымен, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының В.М. Игнатовский атындағы үздік шығу төсбелгісімен (2018) наградталған. Несвиж қаласының құрметті азаматы (2015).
Экономика ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003), Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2009). Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің (2008) және Вьетнам Ғылым және технологиялар академиясының (2011) құрметті докторы, Брест мемлекеттік техникалық университетінің (2013) құрметті профессоры, Беларусь мемлекеттік университетінің (2017) құрметті профессоры, Ғылым академиялары халықаралық қауымдастығының толық мүшесі (академик) (2021). Экономика, халықаралық интеграция және мемлекеттік құрылыс саласындағы монографиялардың, ғылыми жұмыстардың және жарияланымдардың авторы. Үш ғылым кандидатын дайындады.
Үйленген. Қызы мен ұлы, төрт немересі бар.