Шкляев Сергей Владимирович

Шкляев Сергей Владимирович
Өмірбаян

1976 жылы 4 мамырда Ресей Федерациясы Приморск өлкесінің Хасан ауданындағы Славянка кентінде туған.

2003 жылы Ресей кеден академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік бітірді, сондай-ақ 2025 жылы экономика бағыты бойынша аспирантураны аяқтады. 

1996 жылдан бастап кеден органдарында қызметте болды. Хасан кеденінің инспекторы лауазымынан бастап Ресей ФКҚ Сауда шектеулері, валюталық және экспорттық бақылау басқармасының бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті.

2024 жылғы 14 мамырда Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2026 жылғы 23 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі лауазымына тағайындалды.