Субботин Александр Михайлович

Субботин Александр Михайлович
Өмірбаян

1976 жылы Беларусь Республикасының Витебск қаласында туған.

Витебск мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясын (1998 жылы) "Ветеринариялық медицина" мамандығы бойынша және Халықаралық менеджмент институтын (2000 жылы) "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

1998-2015 жылдары Витебск мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясында жұмыс істеді: 2010-2012 жылдары ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, 2012-2014 жылдары-Академияның бірінші проректоры болды.

2014-2015 жылдары Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас экономикалық басқармасы бастығының орынбасары болып істеді.

2015 жылы Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары – Беларусь Республикасы Ветеринариялық және азық-түлікті қадағалау департаментінің директоры болып тағайындалды.

2017-2018 жылдары – Беларусь Республикасы Президентінің көмекшісі – Витебск облысы бойынша инспектор.

2018-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі болды.

2020 жылғы наурыздан бастап маусымға дейін – Беларусь Республикасы Президентінің Могилев облысы бойынша көмекшісі.

2020-2021 жылдары – Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2021 жылдан 2026 жылға дейін Витебск облыстық атқару комитетін басқарды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2026 жылғы 19 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі болып тағайындалды.