ЕЭК интеграциялану және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі Министрі Татьяна Валовая Моңғолияда ЕЭО сауда-экономикалық ынтымақтастық жайлы мәселелерді талқылады
25-28 наурызда Еуразия экономикалық комиссияның интеграциялау және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Татьяна Валовая Монғолияға іссапармен барды, сонда онымен еріп барған Интеграцияны дамыту Департаменті директорының орынбасары Сергей Шухно мен департамент қызметкерлері. 25-28 наурызда Еуразия экономикалық комиссияның интеграциялау және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Татьяна Валовая Монғолияға іссапармен барды, сонда онымен еріп барған Интеграцияны дамыту Департаменті директорының орынбасары Сергей Шухно мен департамент қызметкерлері. Монғолияда Татьяна Валовая өнеркәсіп Министрі Дондогдорж Эрдэнэбатпен, Азық-түлік және ауыл шаруашылық Министрі Раднагийна Бурмамен, Сыртқы Істер Министрі Лундэнгийн Пурэвсурэнмен, экономикалық, инфрақұрылымдық және инвестициялық қатынастар сұрақтары бойынша Ресей Федерациясындағы Монғолия Президентінің жеке өкілі Лувсандандарын Хангаймен кездесу өткізді. ЕЭК Министрі Еуразия экономикалық одақ таныстыруымен Монғолиядағы өнеркәсіп Министрлігінде және Монғолияның ұлттық қауіпсіздік Кеңесіндегі стратегиялық зерттеулер Институтында қоғамдық, саяси және іскерлік саласындағы өкілдеріне ұсынды. Кездесу барысында монғолдық серіктестер Еуразия экономикалық одағымен сауда-экономикалық бірлестікке мүдделілігін танытты. Монғолия мен ЕЭО мүше мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарын жетілдіру мүмкіндігі талқыланды. Монғол тарапы Еуразия экономикалық комиссиямен өзара әрекет ету меморандумына қол қоюды ұсынды. Мәселе қарастырылуға қабылданды. Кездесуге қатысушылар Монғолияның Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарын жетілдіруге ықпал беру мақсатына тиісті байланыстарды нығайту ниеттерін растап отыр.