Жаңалықтар

05.03.2013

Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы сессиясының жұмысына қатысты

Статистика Департаментінің директоры Юрий Шокаманов бастап барған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы 2013 жылдың 26 ақпаны мен 1 наурызы аралығындағы кезеңде БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Статистикалық Комиссияның 44-ші сессиясының жұмысына қатысты. Сессияның барысында статистиканың әртүрлі саласындағы ағымды және стратегиялық дамуға қатысты шешімдер қабылданды, халықаралық статистикалық бағдарламаларды үйлестіру мәселелері қаралды, сондай-ақ Ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттарды БҰҰ Бас ассамблеясының мақұлдауына тапсыруға шешім жасалды. Статистика Департаментінің директоры Юрий Шокаманов бастап барған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы 2013 жылдың 26 ақпаны мен 1 наурызы аралығындағы кезеңде БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Статистикалық Комиссияның 44-ші сессиясының жұмысына қатысты. Сессияның барысында статистиканың әртүрлі саласындағы ағымды және стратегиялық дамуға қатысты шешімдер қабылданды, халықаралық статистикалық бағдарламаларды үйлестіру мәселелері қаралды, сондай-ақ Ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттарды БҰҰ Бас ассамблеясының мақұлдауына тапсыруға шешім жасалды. Комиссия отырысының аясында Юрий Шокамановның БҰҰ Статистика Бөлімі, Еуростаттың және де Халықаралық валюта қорының басшылықтары, сондай-ақ Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының статистика қызметтерінің делегация басшыларымен кездесулері болып өтті. Тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту келешегі туралы, соның ішінде сарапшылық деңгейде тәжірибелік әрекеттесу туралы пікірлерімен алмасты. «Біз БҰҰ Статистикалық Комиссиясының сессиясы жұмысына қатысуға шақырғаны үшін БҰҰ Статистика Бөліміне алғысымызды айтып жеткіземіз. Әріптестерімізбен әңгімелесу, келешекте ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылау, іскерлік байланыстар орнату біз үшін өте маңызды, өйткені біздің жұмысымыздың басымды бағыты біздің елдеріміздің қолданатын әдістемелеріне, халықаралық стандарттарға сәйкестілікті қамтамасыз ету болып табылады» – деді өз сөзінде Юрий Шокаманов.   Анықтамалық ақпарат: БҰҰ Статистикалық Комиссиясы БҰҰ мүше елдердің статистикалық органдары басшыларының, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК, Еуростат, ХВҚ, ЭЫДҰ, ЮНКТАД, ДСҰ және басқа да халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Комиссия ұлттық және халықаралық деңгейлерде халықаралық статистика қызметін үйлестіру бойынша, статистикалық стандарттарды бекіту, оларды іске асыру бойынша тұжырымдамалар мен әдістерді әзірлеу бойынша шешімдерді қабылдайтын жоғарғы орган болып табылады.