11 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Өзбекстан
Республикасына және Куба Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет
мәртебесін беруге шешім қабылдады. Одақпен өзара іс-қимылдың осындай форматы
туралы бұдан бұрын осы елдердің президенттері бастама білдірген еді.
11 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Өзбекстан Республикасына және Куба Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беруге шешім қабылдады. Одақпен өзара іс-қимылдың осындай форматы туралы бұдан бұрын осы елдердің президенттері бастама білдірген еді.
Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесі ЕАЭО туралы шартта көзделген. Байқаушы мемлекет Еуразиялық экономикалық комиссияның орналасқан жеріне ЕЭК-пен тұрақты негіздегі өзара іс-қимылға уәкілетті өз өкілін жіберуге құқылы.
Байқаушы мемлекеттің Өкілі, оның аппаратының қызметкерлері мен басқа да өкілдері шақыру бойынша Комиссия Алқасының, Кеңесінің және ЕЭК жанындағы консультативтік органдардың отырыстарына қатыса алады. Байқаушы мемлекеттің мемлекет және үкімет басшыларының шақыру бойынша Жоғары кеңестің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысу мүмкіндігі де көзделген.
Байқаушы мәртебесін алған мемлекет Одақтың және оған мүше мемлекеттердің мүдделеріне, ЕАЭО туралы шарттың мақсаттарына нұқсан келуі мүмкін кез келген іс-қимылдан тартынуға міндетті.
Анықтама
Өзбекстан ЕАЭО елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді кеңейтуде. Мәселен, 2016–2019 жылдары Өзбекстанның мүше мемлекеттермен жалпы тауар айналымы 2 есе - 4,5 млрд доллардан 9,1 млрд долл. дейін өсті. Бүгінгі таңда Өзбекстанның ЕАЭО-мен сыртқы сауда үлесі 30% құрайды, ал ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемі 75%- дан асады.
Өзбекстанның халқы - 30,6 млн адам. Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша елдің ЖІӨ шамамен 223 млрд долл. құрайды. Сыртқы сауда айналымы – 22,9 млрд долл., соның ішінде экспорт – 11,5 млрд долл. (оның 20%-ға жуығы ЕАЭО елдеріне), импорт – 11,4 млрд долл. (шамамен 55%-ы ЕАЭО елдерінен).
Одаққа мүше болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету тұтастай алғанда ЕАЭО халықаралық қызметінің басымдығы болып табылады.
ЕАЭО-ның Кубамен Одақ жанындағы байқаушы мемлекет ретіндегі өзара іс-қимылы 2018 жылы жасасылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ЕЭК-тің Куба Республикасы Үкіметімен бұдан бұрын қалыптастырылған өзара іс-қимыл механизмдерін дамытады, соған сәйкес бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді.
Куба тарапы ЕАЭО-мен диалогқа Куба Республикасының Еуразиялық континенттегі дәстүрлі әріптестерімен сауда-экономикалық байланыстарды жаңғыртуының маңызды элементі әрі ынтымақтастықты жаңа лайықты деңгейге шығарудың ынталандырмасы ретінде қарайды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Кубамен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту деңгейі өсудің елеулі әлеуетіне ие. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің Кубамен тауар айналымы 214,7 млн долл., соның ішінде экспорт – 197,1 млн долл. және импорт – 17,6 млн долл. құрады. 2018 жылы ЕАЭО мен Куба арасында 2010 жылдан бергі тауар айналымының рекордтық деңгейі (417,5 млн долл.) тіркелді.