Жаңалықтар

15.04.2021 (Обновлено: 07.10.2021 16:52)

Гоар Барсегян: «Жүйелі талдама – ЕАЭО-ның халықаралық қызметіндегі маңызды элемент»

13 сәуірде Халықаралық қолданбалы жүйелі талдау институтының (IIASA) «Еуразиядағы жүйелі талдау» өңірлік конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян осы туралы мәлімдеді.

13 сәуірде Халықаралық қолданбалы жүйелі талдау институтының (IIASA) «Еуразиядағы жүйелі талдау» өңірлік конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян осы туралы мәлімдеді. 

Гоар Барсегян Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақтардың ынтымақтастығы мысалында қарымды халықаралық ойыншылардың практикалық іс-қимылын объективті және жүйелі талдаумен толықтырудың қажеттігін көрсетті. Оның сөзінше, нақ осы жүйелі талдау ЕО мен ЕАЭО арасында ресми диалог жоқ екендігіне қарамастан, сарапшылық дейгейде өзара байланыс пен байланысулар сақталып отыр деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.Олардың одан әрі дамуын жандандырып отыру екі бірлестіктің бизнес-қоғамдастықтарының ынтымақтастығын тереңдетуге көмектеседі. 

«COVID-19 пандемиясы көп жағдайда халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты туралы түсінікті өзгертті. Бірақ ол қарымды халықаралық ойыншылар арасындағы диалогтың маңызының күшін жоя алған жоқ және олардың өзара іс-қимылына деген жүйелік тәсілдеменің бағалы екенін көрсетті», — деп атап өтті Гоар Барсегян. 

ЕЭК өкілі 2013 жылы IIASA институты Еуразиялық даму банкімен бірлесіп іске қосқан «Үлкен Еуропалық және Еуразиялық кеңістік шеңберіндегі экономикалық интеграцияның шақырыстары мен мүмкіндіктері» жобасын конференцияға қатысушылардың есіне салды. Ол әртүрлі елдердің сарапшылары, сол сияқты Еуропалық және Еуразиялық экономикалық комиссиялардың өкілдері арасындағы байланысуды ұйымдастыру үшін негізгі тәуелсіз пікірсайыс әрі талдау платформасы болды. 

ЕЭК департаментінің директоры институт ұсынатын бірегей алаң одан әрі дамитын болады деген үміт білдірді. Өзінің ғылыми сипаты жағынан бұл Еуразияның интеграциялық құрылымдары арасындағы диалог үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға қабілетті. 

Анықтама

Халықаралық қолданбалы жүйелі талдау институтын (IIASA) АҚШ пен Кеңес Одағы 1972 жылы құрды. Кейінірек оған Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Қытай, Мысыр, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Корея Республикасы, Мексика, Нидерланд, Норвегия, Пәкстан, ОАР, Жапония және басқа бірқатар ел қосылды. Институт Австрияда орналасқан. Ол қоршаған орта, экономика, технология және әлеуметтік саладағы проблемалар бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұл жерде әртүрлі елдерден келген 300-ге жуық ғалым тұрақты негізде және көптеген уақытша қызметкерлер жұмыс істейді.