тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6995

23 қазанның 2025 Андрей Слепнев: "ЮНКТАД ашық өңіршілдіктің бастауында халықаралық жүйенің "қайта жиналуына" жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады" Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Женевада (Швейцария) БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) он алтыншы сессиясында жалпы жарыссөз барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "ЕАЭО — интеграция деңгейі жоғары ашық бірлестік. Нарықтарды, капиталдарды, еңбек ресурстарын, инновацияларды, инфрақұрылымды біріктіру есебінен, сондай-ақ әріптес елдермен ауқымды жобалар есебінен дамудың жаңа драйверлерін жасайтын ашық өңіршілдіктің тиімділігін тиянақтай айтамыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.  Климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігі туралы айта отырып, Андрей Слепнев төмен эмиссиялық технологиялар мен отынның ауыспалы түрлерін қоса, қолжетімді ең таңдаулы технологияларды кеңінен халықаралық алмасу мен кемсітусіз пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті. "Кедендік реттеу, сауда рәсімдерін оңайлату, тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалап отыру механизмдерін ендіру салаларында перспективалы цифрлық технологияларды ендіру мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін ЮНКТАД алаңын пайдалануды жалғастыруға сенеміз", — деп мәлімдеді Андрей Слепнев.  Андрей Слепневтің Швейцарияға жұмыс сапары шеңберінде Бразилия Сыртқы істер министрлігінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Филип Фокс-Драммонд Гоумен кездесуі болып өтті. Бразилия Оңтүстік Американың ортақ нарығының мүшесі болып табылады, ЕЭК-те онымен ынтымақтастық туралы меморандум қолданылады. Түркіменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Назар Агахановпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, соның ішінде "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізінің желісі бойынша өзара іс-қимыл талқыланды. Сондай-ақ, Андрей Слепнев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіне барып, оның бас директоры Татьяна Валоваямен келіссөздер жүргізді және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ДСҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен жұмыс консультацияларын өткізді. 
Тағы да көрсету