18 сәуірде парфюмерлік-косметикалық өнімдерге арналған техрегламентке енгізілген өзгертулер күшіне енді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 64 шешімімен қабылданған «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) енгізілген өзгертулер парфюмерлік-косметикалық өнімнің құрамына қойылатын талаптарды нақтылайды.
Атап айтқанда, осы техникалық регламентте мұндай өнімде пайдалануға тыйым салынған заттардың тізбесі өзектендірілді. Сондай-ақ, белгіленген шектеулерді, рұқсат етілген бояғыштарды, консерванттарды және ультракүлгін сүзгілерді ескере отырып, пайдалануға рұқсат етілген заттардың тізімі жаңартылды.