ЕЭК жанындағы Статистика бойынша консультативтік комитет мүшелері КО мен БЭК елдерімен статистикалық ақпараттық ұсынылу параметрлерін талқылады
20 қазан күні Мәскеуде Макроэкономика және ықпалдастықтың негізгі бағыттары бойынша Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы Статистика бойынша консультативтік комитетінің бесінші отырысы болып өтті. ​ 20 қазан күні Мәскеуде Макроэкономика және ықпалдастықтың негізгі бағыттары бойынша Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валоваяның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы Статистика бойынша консультативтік комитетінің бесінші отырысы болып өтті.  Комитеттің отырысы барысында 2015 жылға арналған Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық жұмыстар бағдарламасының жобасы мақұлданды; Тараптардың өкілетті органдары Комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштер тізбесіне өзгерістер және оның ұсынылу форматтары, сонымен қатар Өкілетті органдармен сыртқы және өзара тауар саудасының ескерілмеген көлемдерінің статистикалық толық есептелуі бойынша әдістемелік ұсыныстар жобасы қабылданды. Отырысқа қатысушылар сыртқы және өзара сауда статистикасы деректерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы кезекті міндеттерді белгіледі.  Статистика бойынша консультативтік комитеттің келесі жылға жұмыс жоспары белгіленді. Консультативтік комитет мүшелері Комитеттің кезекті отырысын 2015 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында өткізуге келісті.  Консультативтік комитеттің отырысына ТМД Статкомитет, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі, Ресей Федерациясындағы Беларусь Республикасының Елшілігі, Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының өкілдері қатысты.