Жаңалықтар

24.03.2021 (Обновлено: 07.09.2021 15:27)

ЕЭК Алқасы Беларусьта әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 23 наурызда Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеуді кірістіре санағанда 2021 жылғы 29 маусымға дейін ұзартуды келісті.

Мұндай тауарлардың тізбесі 18 позицияны: сүт өнімдерін, етті, сарымай мен күнбағыс майын, балалар тағамын, картопты, жармаларды және басқаларды кірістіреді.

COVID-19 инфекциясының таралуы себепті бірқатар мемлекеттің шектеу шараларын ендіруіне байланысты азық-түлік тауарларының әлемдік бағаларының артуы жағдайында ЕЭК Алқасының шешімі республикада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының алып-сатарлықпен өсуіне жол бермеуге көмектеседі деп күтілуде.

ЕЭК Алқасы шешімінің қабылдануына Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің белорус тарапының ұсынысын қолдаған ЕАЭО елдері уәкілетті мемлекеттік органдарының қатысуымен консультациялар өткізуі жол ашты.