Жаңалықтар

24.12.2020 (Обновлено: 07.10.2021 16:50)

ЕАЭО-да өнімді сертификаттау кезіндегі уақытша шаралар енгізілді

Ортақ нарықтағы өнім тапшылығын алдын ала ескерту  үшін және бизнес үшін пандемия салдарын барынша азайту мақсатында ЕЭК Кеңесі  ЕАЭО-да өнім сәйкестігін бағалаудың арнайы рәсімін енгізді. Бұл бір жыл мерзімге енгізілетін уақытша шаралар сериялап шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.

Бұл шешімнің қажеттігі пандемияның созылмалы сипатына және елдер арасындағы  жүріс-тұрыс бойынша шектеу шаралары енгізілуіне байланысты болды. Уақытша шаралар  пандемия жағдайындағы экономикалық дамуға жәрдемдесу жөніндегі бастамалардың жаңа пакетін әзірлеу шеңберінде ұсынылды.

Құжат ЕАЭО-да пандемия жағдайындағы өнім сәйкестігін бағалаудың бірыңғай рәсімдерін белгілейді және Комиссия үстіміздегі жылғы сәуірде Одақ құқығы шеңберінде ұсынған іс-шаралардың жалғасы ретінде әзірленген.

Атап айтқанда, Одақтың өнеркәсіптік кешеніне басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру немесе жаңа өндірістік желілерді ұйымдастыру үшін қажетті, техникалық жағынан күрделі өнім үшін аккредиттеу мен сертификаттаудың халықаралық жүйесі шеңберінде  берілген сынақ хаттамаларын пайдалануға рұқсат  етіледі.

Сертификаттау рәсімін жүргізуді оңайлататын негізгі құрал - қашықтан бағалау болады. Бұл алыстатылған әдіс өндірістің жай-күйіне талдау жүргізуді, сондай-ақ өнімді сертификаттау жөніндегі орган сарапшыларының өндіріс орнына бармай-ақ бірдейлендіруі мен іріктеуін немесе бейне-конференц-байланысты пайдалана отырып өнім үлгілерін іріктеуін қамтамасыз етеді.Бұл ретте қашықтан бағалаудың тәртібі мен жағдайы айқындалған.​