Жаңалықтар

24.12.2020 (Обновлено: 07.10.2021 16:48)

ЕАЭО-ның магистралды құбыржолдарға арналған техникалық регламенті қабылданды

ЕЭК Кеңесі  Еуразиялық  экономикалық одақтың «Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдайтын магистралды құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы»  техникалық регламентін бекітті. Ол 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

ЕЭК Кеңесі  Еуразиялық  экономикалық одақтың «Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдайтын магистралды құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы»  техникалық регламентін бекітті. Ол 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Құжат жобалау (инженерлік ізденістерді қоса), салу (реконструкциялау), пайдалану (пайдалануға қабылдау және іске қосу, консервациялау), кәдеге жарату (жою) кезінде сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдайтын магистралды құбыржолдарға қойылатын қолдануға және орындауға міндетті талаптарды, сондай-ақ олардың сәйкестігін бағалау қағидаларын белгілейді.

Техрегламент магистралды құбыржолды өзара байланысты объектілер мен құрылыстардан тұратын және сұйық немесе газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен ретінде қарастырады.

Газ тарату және газ тұтыну желілерінің құбыржолдарына, автономды газбен жабдықтау желілерінің және автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларының құбыржолдарына, теңіз құбыржолдарына, кәсіпшілік және кәсіпшілікаралық құбыржолдарға, жеңіл көмірсутектердің және сұйытылған көмірсутекті газдардың кең фракциясын тасымалдауға арналған құбыржолдарға, сондай-ақ көмірсутек шикізатын өндірудің және (немесе) өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыру мен қамтамасыз етуге арналған  құбыржолдарға қолданылмайды,

Техрегламент талаптары техрегламент күшіне енген күнге дейін пайдалануға берілген; техрегламент күшіне енген күнге дейін бекітілген немесе мемлекеттік сараптамаға жіберілген жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын құрылыс (реконструкция) объектілеріне; техрегламент күшіне енген күнге дейін берілген құрылысқа (реконструкцияға)  рұқсат етуге қолданылмайды.

Магистралды құбыржолдарға қойылатын міндетті талаптар Одақ мемлекеттерінің  қолданыстағы нормативтік құжаттарының талаптарын тірек етеді, сондай-ақ техникалық реттеудің халықаралық жүйесі актілерін талдауды ескереді.

Техрегламенттің қабылдануы  Одақтың ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру жөніндегі бағдарламаларда (тиісінше Жоғары Еуразиялық  экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 және № 23 шешімдерімен бекітілген) көзделгендей, газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ​