Еуразиялық экономикалық форумның басты тақырыбы — "ЕАЭО-ға 10 жыл: перспективалар мен басымдықтар". Форумға қатысушылар ЕАЭО-ның стратегиялық дамуы, жан-жақты кооперация және технологиялық ынтымақтастық, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, ішкі нарықтың сапасы мен кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық сияқты Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының өзекті бағыттарын талқылайды.
Форумның іскерлік бөлімі сессияларының тақырыптамасы Еуразиялық "бестіктің" күн тәртібіндегі өзекті және бірлесе назар аударуды талап ететін мәселелерінің шешімін іздеуге бағдарланатын болады.
Форум Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған және ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары мен мемлекеттік билік органдары өкілдерінің, үшінші елдер Үкіметтері мүшелерінің, ірі, орта және шағын бизнес басшыларының, Одақ шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы көзделген.
Іс-шаралар 2024 жылы Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуі шеңберінде өткізіледі.
Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты ЕЭФ-тің ресми сайтынан табуға болады.