13 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіп блогының және Федералдық балық аулау агенттігінің үйлестіруі арқылы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жоғары оқу орындары басшылығының қатысуымен "Тұйық сумен жабдықтау қондырғыларында балықтың бағалы түрлерін өсіру" бірлескен білім беру онлайн-курсы ашылды. Білім беру қарқындылығы үшін таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы ЕАЭО елдерінде осы саланың серпінді дамуын ескере отырып, акваөсіру өндірісінің технологиялық тізбегінің барлық бағыты бойынша құзыреттерді қалыптастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.
"Бүгінде біздің елдеріміздің білім беру саласы алдында экономиканы инновациялық дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін мамандар даярлау міндеті тұр. Сол себепті бизнестің практикалық қажеттіліктеріне бағдарланған, сондай-ақ жаңа технологиялардың тез пайда болуы мен ендірілуін ескеретін дағдылар мен білімді қалыптастыру маңызды", — деп атап көрсетті ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян.
Жобаға Арменияның, Беларусьтың, Қырғызстанның және Ресейдің 14 білім беру ұйымы қатысады. Курстың сұранысты екендігін оған қатысуға 350-ден астам тыңдаушының мүдделілік білдіргені растайды.
Ағымдағы оқу семестрінде білім алушылар өзара қызығушылық танытқан пәндер бойынша онлайн режімде лекциялық сабақтар өткізіледі. Курс бағдарламасын оқып үйрене отырып, жетекші жоғары оқу орындарының студенттері тәжірибе алмасуға және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.
"Акваөсіру өндірісі саласындағы жаңа бірлескен білім беру жобасы бойынша алынған білім бүкіл саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін", — деп атап өтті Армен Арутюнян.
Федералдық балық аулау агенттігі басшысының орынбасары Василий Соколов курсқа қатысушыларға сәлемдесу сөзімен қайырылды. Өз сөзінде ол балық шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру үшін технологиялық жаңғырту, импортты алмастыруды дамыту, кадрлық әлеуетті жетілдіру қажеттігін атап өтті. Бұл тектес жобалар ой-өрісті кеңейтіп, білім беру мекемелері арасында "көпір тұрғыза" отырып, осы міндеттерді шешеді. Мұндай бірлескен жобалар бизнес-қоғамдастық үшін пайдалы, өйткені олар қазіргі заманғы инновациялық деңгейде мәселелерді шеше алатын білікті кадрлар пулын құрады.
Семестр қорытындысы бойынша студенттер білім беру курсынан өткені туралы сертификат алады.
Анықтама
Білім беру курсы ЕЭК агроөнеркәсіптік блогының үйлестіруі арқылы 2021 жылғы 24 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау саласындағы өзара іс- қимылын дамыту жөніндегі меморандумды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.