Жаңалықтар

10.03.2022 (Обновлено: 15.04.2022 16:28)

Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған техрегламентке қатысты стандарттар тізбесі өзектілендірілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар» техникалық регламентіне қатысты зерттеу (сынақ) әдістеріне арналған стандарттардың өзектілендірілген тізбесін бекітті.

Өзектілендірілген мемлекетаралық стандарттар коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін сұйытылған көмірсутек газдарына қолданылады, сондай-ақ автомобиль көлігі үшін мотор отыны ретінде пайдалануға арналған.

Қолданыстағы стандарттарды жаңартудың орындылығы өнім сапасына қойылатын талаптарды арттырудан, сондай-ақ өлшемдердің анықтығын қамтамасыз ету саласында стандарттарды халықаралық талаптармен үндестіру қажеттігінен туған.

Жаңа тізбеге 31 стандарт кірістірілген, олардың 17-і – мемлекетаралық (олардың екеуі ISO халықаралық стандарттары негізінде және біреуі — EN өңірлік стандарты негізінде әзірленген). Қалған 14-і – Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары, олардың арасында алтауы ASTM өңірлік стандарттары негізінде әзірленген.

Жаңадан қабылданғандармен ауыстырылған жекелеген мемлекетаралық стандарттарға, сондай-ақ ұлттық стандарттарға қатысты оларды қолданудың өтпелі кезеңі белгіленген.

Стандарттар тізбесі оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға (Комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33 шешімімен бекітілген) сәйкес әзірленген стандарттарды ескере отырып өзектілендірілген.