Бағдарламаның жаңа редакциясын Ресей ТЖМ дайындады, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері келісімге алды. Ол 39 мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді және бір мемлекетаралық стандартты қайта қарауды көздейді. Ресей Федерациясы барлық мемлекетаралық стандарттардың жауапты әзірлеушісі болып анықталды.
Бағдарлама
ЕАЭО 050/2021 ТР-ның № 1 қосымшасына сәйкес өнімнің 30-ға жуық түрін қамтитын техникалық реттеу объектілерінің төрт тобына қатысты тексеру талаптары мен әдістерін қамтамасыз етуді көздейді:
- азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарының техникалық құралдары;
- техникалық басқару, байланыс және хабарлау құралдары;
- авариялық-құтқару құралдары;
төтенше жағдайларға техникалық мониторинг жүргізу құралдары.