Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 15 тамыздағы отырыста «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне қойылатын стандарттар тізбесін өзектендірді.
Стандарттар тізбесіне енгізілетін өзгерістер стандарттардың тиісті тізбелеріне енгізілген стандарттарды қабылдауға, қолдануға, жаңартуға және жоюға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша дайындалды. Өзгерістердің мақсаты –стандарттардың өзекті нұсқаларын қолдану жағдайларын жасау және оларды әзірлеу және қолданысқа енгізу шамасына қарай ұлттық стандарттардан мемлекетаралық стандарттарға жоспарлы түрде көшу.
Аталған техрегламентке стандарттардың өзекті тізбелеріне 142 стандарт енгізілген. Олардың ішінде 112 мемлекетаралық стандарт, оның ішінде 22-сі халықаралық ISO стандарттары негізінде әзірленген;
Қазақстан Республикасының 14 ұлттық стандарты, оның ішінде 7 – ASTM өңірлік стандарттары негізінде әзірленді; Беларусь Республикасының 5 мемлекеттік стандарттары, олардың ішінде 2-уі ISO халықаралық стандарттары негізінде әзірленді; Ресей Федерациясының 11 ұлттық стандарттары.
Ауыстырылатын стандарттарға қатысты оларды қолдану бойынша өтпелі кезең белгіленді.