Теміржол өнімдеріне стандарттарды әзірлеу бағдарламалары өзектендірілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 9 маусымдағы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде "Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы", "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы", "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерді іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламаларының жаңартылған редакцияларын бекітті.

Теміржол жылжымалы құрамына қатысты техникалық регламентке арналған бағдарлама ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық стандарттары негізінде 31 мемлекетаралық стандартты әзірлеуді, 17 мемлекетаралық стандартты қайта қарауды, екі мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізуді, екі сынақ әдістемесі негізінде мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді, сондай-ақ үш жаңа мемлекетаралық стандартты әзірлеуді көздейді.

Жоғары жылдамдықты теміржол көлігіне арналған техникалық регламенттің бағдарламасына сәйкес мүше мемлекеттердің ұлттық стандарттары негізінде 24 мемлекетаралық стандарт әзірленетін, 20 мемлекетаралық стандарт қайта қаралатын болады. Сонымен қатар тоғыз мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізу, сынақ әдістемесі негізінде мемлекетаралық стандартты және екі жаңа мемлекетаралық стандартты әзірлеу жоспарланып отыр.

Темір жол көлігі инфрақұрылымына арналған техрегламент бағдарламасында Одақ мемлекеттерінің ұлттық стандарттары негізінде 14 мемлекетаралық стандартты әзірлеу, сегіз мемлекетаралық стандартты қайта қарау, екі мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізу көзделген. Сонымен қатар, үш жаңа мемлекетаралық стандарт әзірлеу көзделген.

Жекелеген мемлекетаралық стандарттар бойынша жауапты әзірлеуші анықталмаған және "Перспективалық әзірлеме" мәртебесі белгіленген.