Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Александр Субботин 1 қазанда Минскіде өткен Үкіметаралық кеңестің ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөніндегі отырысына қатысты.
Іс-шара Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, сондай-ақ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымын (ДЖДҰ) қоса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өкілдерін жинады. ЕЭК министрінің сөзінше, кездесудің басты мақсаты - биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін озыңқы шешімдер әзірлеу болды.
Александр Субботин ветеринариялық проблемалардың шын мәнінде шекараны білмейтінін және бір континенттегі жануарлар ауруының жайылуы тіпті басқа континенттегі жануарларға нақты қатер төндіруі мүмкін екенін атап көрсетті.
Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық шараларды іске асыру жөніндегі жоспарлы жұмысты атап өтті, онда, атап айтқанда, аусыл профилактикасының, оқшаулаудың және оны жоюдың бірыңғай қағидалары әзірленіп, қазірдің өзінде қолданыла бастады. Ағымдағы жылдың соңына дейін африкалық шошқа обасы бойынша ұқсас қағидаларды бекіту, ірі қара малдың нодулдік дерматиті бойынша жұмысты жалғастыру белгіленген."Сол себепті, біз ветеринариялық проблемаларды кәсіби тұрғыда бірыңғай түсінеміз және оларды бірге шешуге деген дайындығымыз – жай ғана әдемі сөз тіркесі емес, толғақты қажеттілік", – деп мәлімдеді ЕЭК министрі.
Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптарды өзектілендіруге, оларды ДЖДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келтіруге байланысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, ЕАЭО мемлекеттері мен Комиссияның Мәскеу мен Астанадағы ДЖДҰ өкілдіктерімен ынтымақтастыққа, ветеринариялық мамандардың құзыреттілігін арттыру үшін жыл сайынғы семинарлар өткізуге айрықша назар аударатыны атап өтілді.