Жаңалықтар

26.01.2023 (Обновлено: 31.01.2023 11:07)

Андрей Слепнев: "Климаттық күн тәртібі шеңберінде біз технологияларға, қаржыға қол жеткізу, сондай-ақ салалар үшін ынталандыруды теңестіру мәселелерін шешеміз"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев ЕЭК Кеңесі отырысының "аясында" болып өткен Еуразиялық кеңістіктегі климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша үйлестірілген тәсілдемелер тұжырымдау жөніндегі семинардың жұмысына қатысты.

"Климаттық күн тәртібі экономика тұрғысынан қарағанда - бірінші кезекте технологиялық трансформация және жаңа технологиялық платформаға көшу. Сол себепті бұл процестегі табыс ұлттық экономиканың алдағы ондаған жылдағы табысын да айқындайтын болады", — деп атап өтті ол өз сөзінде.


Климаттық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің позицияларын жақындастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобын (ЖДЖТ) басқаратын ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев үш түйінді мәселеге: технологияларға қол жеткізуге, қаржыға қол жеткізуге, сондай-ақ салалар үшін ынталандыруға және осымен байланысты еларалық тосқауылдардың пайда болу проблемаларына назар аударды.

Технологияларға қол жеткізу бөлігі бойынша бәрі қандай технологияны және қандай дәрежеде "жасыл" деп атауға болатынын кімнің және қалай есептеуіне байланысты. Бұл орайда Ресей Федерациясында үш жыл ішінде көміртекті реттеудің құқықтық институционалдық инфрақұрылымы қалыптастырылды. Ал Қазақстанда мұндай жүйе бұдан да бұрын құрылды және бүгінде белсенді жетілдірілуде.

"Қатынастардың бұл үлкен саласы салық, кеден мәселелеріне де, техникалық реттеуге де қатысты болады. Егер біз стандарттарда жан-жаққа тартатын болсақ, қандай кооперация туралы айтуға болады? Бірден тосқауыл пайда болады. Сол себепті, соның ішінде валидацияның, верификацияның және аккредиттеудің ортақ жүйесі мәселесі бірінші дәрежелі болып табылады", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев. Екнші жәйіт климаттық жобаларды іске асыру үшін бірыңғай әдіснамалық базаны қалыптастыруға қатысты және компаниялардың көміртексіздендіруге бағытталған бастамаларын қолдау мәселелерін сөз етеді.

ЕАЭО-да қаржыға қол жеткізу орайында климаттық жобалардың ортақ таксономиясы әзірленді. Құжат бір елдің жобаларының бастамашылары үшін әдіснама сәйкес келген жағдайда Одақтың барлық нарығында қаржыландыру алуға мүмкіндік ашады. ЕЭК Сауда жөніндегі министрі бұл ретте қабылданған таксономия бұдан да кең танылады деп сенім білдірді.

"Ұлттық актілер үшін әдіснамалық негіз ретінде модельдік таксономияның пайдаланылатынына сенеміз, сондай-ақ тараптар биржаларымен оны бүкіл ЕАЭО кеңістігінде қаржыландыру үшін тікелей қолдану бойынша жұмыс істейміз", — деді Андрей Слепнев. Ол сондай-ақ Комиссияның компаниялар қайта ендіруге көмектесуге дайын климаттық технологиялар мен цифрлық жобалар банкін іске қосқанын еске салды.

"Үшінші мәселе, ең бастысы - ынталандырулар және ықтимал тосқауылдар. Ол қай елдің және қашан шекаралық түзетуші көміртек механизмінің аналогтарын енгізуді бастайтындығына байланысты. Бүгінде біз Корея Республикасында, Қытайда және, айтпақшы, Қазақстан Республикасында шығарындылар саудасы жүйесі белсенді ендіріліп жатқанын көріп отырмыз", — деп назар аудара өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

Андрей Слепневтің пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ үшін ең ірі тәуекел ЕАЭО ішінде осындай механизмдерді және тиісті шекаралық өтемдік құралдарды ендіру болып табылады. Осы тәуекелдер тұрғысында Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы салаларды көміртексіздендіру жоспарларының шиеленісін, сондай-ақ негізгі сыртқы сауда әріптестеріне байластыра теңестірудің елеулі міндеті тұр.

"Біздің елдеріміздегі климаттық реттеуді талдап, жоспарларды қадамдастырып, Одақ органдарына қажетті шешімдер ұсынуымыз керек", — деп түйіндеді Андрей Слепнев.

Семинар жұмысына сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің мүшелері - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Касымалиев, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников, Армения Республикасының Экономика министрі Ваган Керобян, «Астана» ХҚО Жасыл қаржы орталығының директоры Айдар Қазыбаев, «Газпромбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Елена Борисенко, РФ.СЭБ төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі Алексей Мирошниченко және басқалар қатысты.