Жаңалықтар

13.01.2022 (Обновлено: 01.02.2022 14:36)

Андрей Слепнев: «ЕАЭО өңірлік интеграцияны дамыта отырып, әлемдік экономиканың трансформациясы кезеңінде өзінің бәсекелестік позициясын дамытады»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы 2022-Гайдар форумындағы «Одақ мемлекеттері дамуындағы ЕАЭО-ның үлесі: өсудің озыңқы қарқынына қалай шығуға болады?» сессиясында сөз сөйлеу барысында мәлімдеді.

Өткен жылдың қорытындысын шығара келіп, Андрей Слепнев одақішілік күн тәртібін өсіру саласындағы әсерлі нәтижелілікті атап өтті. Атап айтқанда, сөз климаттық күн тәртібі бойынша бірлескен жұмыс туралы болды — министрдің сенімінше, бұл жерде ортақ іс-қимылсыз, технологиялар атқарымынсыз және бірыңғай реттеу жасалмаса, алысқа ілгерілеу қиын. Сондай-ақ ол электрондық сауда жүйесін дамыту саласындағы айтарлықтай ілгерілеуге, көлік дәліздеріне қатысты Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру жұмысына, Еурокомиссиямен техникалық диалогты жандандыруға, ЕАЭО жобаларына Одақ жанындағы байқаушы мемлекет – Өзбекстанды қосуға назар аударды.

«Қазірдің өзінде өңірлік интеграцияға, Үлкен Еуразиялық әріптестік идеясына сұраныс бар, бүгінгі жағдайларда жалғыз жүріп дамудың сенімді экономикалық бағдарламасын іске асыру қиын екенін түсіну бар», — деп атап көрсетті Андрей Слепнев.
Министрдің пікірінше, әзірге Одақта ЖІӨ бірқатар ірі экономикаларда әлі де баяу өсіп отырса да, бұл өсу неғұрлым сенімді және дағдарыстардың әсеріне біршама шыдамды. Егер сауда статистикасын қарайтын болсақ, 2021 жыл рекордтар жылы болды. ЕЭК бағалауына сәйкес, үшінші елдермен сауда пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 13,2% артып, 833 млрд АҚШ долл.құрады. Оның үстіне іс нарық конъюнктурасының сәтті қалыптасуында ғана емес — сауданың нақты көлемі де өсім көрсетті. Қытаймен сауданың тарихи көлемінің 165 млрд АҚШ долл. құрауы күтілуде (2019 жылға қарағанда өсім 23,6%).

 Өз кезегінде өзара сауда 2019 жылға қарағанда сезінерліктей 18,5% қосты (73 млрд АҚШ долл. дейін өсті), бұл ретте шикізаттық емес бейэнергетикалық экспорттың үлесі 70% дерлік құрады.

«Экономикалық одақтардың преференциялық келісімдерінің болуы – қиын кезеңде нақ осы жүйе өсуді қолдау мен өсіре түсу үшін жұмылдырылады», — деп тұжырым жасады ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Оның пайымдауынша, өңірлендіру тренді бүгінде барлық негізгі әлемдік ойыншылар үшін іс жүзінде баламасыз болып отыр.
«Тез нәтиже бере алатын бірнеше нақты шаралар бар. Біріншісін Ресей Федерациясы сынап көрді және ол валюталық бақылауды ырықтандыруға қатысты. Егер біз Одақ деңгейінде осындай шешім қабылдайтын болсақ, әрине бұл өзара сауданың өсуі үшін орасан ынталандыру болады.Реттеу жүйесіндегі рудименттерден бас тарту таяудағы екі жылдың өзінде ЕАЭО-дағы ішкі сауда көлемін бір жарым есе өсіруге алып келеді», — деп түсіндірді Андрей Слепнев.
Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының ректоры Сергей Синельников-Мурылев модератор болған пікірсайысқа Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Алексей Оверчук қатысты.