Андрей Слепнев: "ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уағдаластық сауданы өсіруге ықпал етеді және ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдайды"
01.12.2025

1 желтоқсанда Иркутскіде екі елдің билік органдарының, іскер және сарапшылық топтарының өкілдерін біріктірген Ресей және Моңғолия өңірлерінің бірінші форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Моңғолия Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Экономика және даму министрі Жадамбын Энхбаярмен келіссөздер жүргізді.


Тараптар ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы осы жылғы 27 маусымда қол қойылған Уақытша сауда келісімі қысқа мерзімде толық күшіне енуі үшін қабылдануы қажет нақты қадамдарды талқылады.

"Құжат күшіне енгенге дейін тараптардың үміті толығымен орындалуы үшін бірқатар маңызды қадам жасалуы қажет", – деп атап көрсетті Андрей Слепнев.

 "Келісім экономикалық болса да, сауда-экономикалық қатынастар шеңберінен әлдеқайда асып түседі және үлкен маңызға ие", – деп атап өтті Жадамбын Энхбаяр. 

Ресей мен Моңғолия делегациялары басшыларының кездесуінде Андрей Слепнев елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға бағытталған шаралар кешенін талқылауға қатысты.

"Саламатты сауда — бұл теңгерімделген сауда. Ресей келісімнің жұмыс істеуіне және біздің елдерімізге шынымен пайда әкелуіне мүдделі", — деді Ресей делегациясының басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук.

Форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде Андрей Слепнев қатысушыларды Уақытша сауда келісімі қалыптастырған талапшарттар туралы хабардар етті.
"Біздің уағдаластықтарымыз сауданы ұлғайтуға ықпал етуге ғана арналмаған, сонымен бірге, Ресей, Моңғолия және Қытай арасында талқыланатын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдауға және оны цифрландыруды қоса, теміржол инфрақұрылымына, сондай-ақ энергетикаға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке де қатысты", — деп түйіндеді ЕЭК министрі.