Жаңалықтар

17.06.2022 (Обновлено: 29.06.2022 13:23)

Андрей Слепнев: «ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібі шеңберіндегі жол картасы осы жылдың өзінде қабылдануы мүмкін»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі бұл туралы 2022-ПХЭФ шеңберінде болып өткен «Еуразияның түйінді экономикаларындағы климаттық күн тәртібінің өзектілігі» сессиясы барысында мәлімдеді.

«Климат тақырыбы өткен форумда да түйінді болды. Бүгін бізде, әрине, екпін өзгерді, бірақ технологиялық ауысуды ешкім жойған жоқ. Осы екі трендтің қалай үйлесетінін түсіну керек», — деп атап өтті ол.

Андрей Слепнев жақында ЕАЭО елдерінің басшылары мәлімдеме қабылдағанын, онда Одақ ретінде нақ осы климат саласындағы негізгі процестерге қосылу қажеттігіне негізделген тиісті тәсілдемелер нақты баяндалғанын еске салды. «Бір жағынан, шығарындылар бойынша міндеттемелерді мемлекеттер ұлттық деңгейде қабылдағанын түсіне отырып. Екінші жағынан, біздің Одақ бірыңғай нарыққа негізделгенін және тосқауылдар мен шектеулер туындатпай технологиялық трансформацияның пәрменіне сәйкестікті қамтамасыз етуіміз керек екенін айта отырып», — деп түсіндіріп өтті Андрей Слепнев.
  Бірыңғай нарықтың жұмыс істеуі тап солай іс-шаралардың бірінші пакетіне (жол картасына) кіретін болады. Сондай-ақ, көміртек бірліктерін трансшекаралық беру мәселелері талқылануда. Техникалық реттеу саласындағы мәселелерді шешу қажет: ЕАЭО осы уақытқа дейін дәстүрлі іштен жану қозғалтқыштары бар автомобильдерді нарыққа жіберу туралы айтылмаған аздаған ірі нарықтардың бірі болып қала береді.
«Түйінді элемент — бұл салалар бойынша, мерзімдері бойынша энергияға көшу үшін ынталандырулар тудыруға тиіс келісілген немесе үйлестірілген тарифтік-фискалдық шаралар екені сөзсіз. Және, әрине, бүгінгі оқиғалар тұрғысында жаңа технологиялық салтта өндіріс үшін кооперация саласында айтарлықтай әлеует бар», — деп жалғады сөзін ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

Сессияның жұмысына сондай-ақ«Сбербанк» ESG жөніндегі аға вице-президенті Татьяна Завьялова, «Астана» халықаралық қаржы орБұл ретте, Андрей Слепневтің сөзінше, бизнес өзінің әрбір саласында қазірдің өзінде іске асырып жатқан көптеген қызықты жобалар бар. Комиссия байсалды компаниялар іске асырып жатқан жүздеген бастамалар банкін жинады, бұл компаниялар оларды Одақтың ішінде де, үшінші елдерде де қайталап ендіруге дайын.
 Тағы бір тақырып — қаржы ресурсы, деді қорытындысында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

 талығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, АР Қаржы министрлігі жанындағы ҚҒЗИ-дың Макроэкономикалық зерттеулер орталығының басшысы Самвел Лазарян, Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директоры Зафар Махмудов, РФ.СЭБ аға банкирі Сергей Сторчак, РФ Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Илья Торосов, Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару және орнықты даму мәселелері жөніндегі ұлттық альянстың бас директоры Андрей Шаронов, Мәскеу үкіметінің министрі Кирилл Пуртов, РФ Федералдық орман шаруашылығы агенттігінің басшысы Иван Советников қатысты. Пікірсайысқа М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің Салық саясаты орталығының директоры Кирилл Никитин модераторлық етті.