Жаңалықтар

16.02.2023 (Обновлено: 17.02.2023 16:51)

Андрей Слепнев: «ЕАЭО мен Қытай электрондық құжат айналымын ендіру есебінен теміржол бойынша жүк тасымалын оңайлатады"

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы тараптардың сауда-экономикалық өзара іс-қимылын практикалық кеңістікте жандандыруға және молықтыруға бағытталған жол картасына қол қойды. Рәсім 16 ақпанда ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ли Фейдің төрағалық етуімен бейнеконференцбайланыс форматында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысы шеңберінде болып өтті.

Құжат өзіне үш бөлімді кірістіреді, олар: көлік дәліздерін цифрландыру, сыртқы сауда саясаты туралы диалогтар, сондай-ақ ЕАЭО мен ҚХР ынтымақтастығын тереңдетудің әртүрлі сценарийінің тиімділігі туралы бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу.

"Бірінші бөлімнің іс-шаралары тараптардың электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, жүк теміржол тасымалдары кезінде құжаттар алмасудың электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшуді бағамдайды. Мұның сауда рәсімдерін көрінеу оңайлатуға және біздің елдеріміздің арасында жүк тасымалдауды тездетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деп атап өтті Андрей Слепнев.

Бұдан басқа, кеден саласындағы, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты дамыту көзделуде. Теңіз және автомобиль көлігі бөлігінде тараптар арасында электрондық логистикалық ақпарат саласында тәжірибе алмасу жоспарланған.

Жол картасының екінші бөлігі халықаралық саудаға елеулі ықпалын тигізетін сауда саясаты мәселелері бойынша орнықты диалог қалыптастыруға бағдарланған. 2023-2024 жылдар ішінде талқылау үшін Қытай тарапымен мына бағыттар келісілді: климаттық күн тәртібі, ЕАЭО мен ҚХР сыртқы саудасын дамыту стратегиялары, ішкі нарықты қорғау шараларын қолданудың халықаралық практикасы, электрондық сауда.

Үшінші бөлім ЕАЭО мен ҚХР-дың ғылыми топтарының ЕАЭО, оған мүше мемлекеттер және Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің әртүрлі сценарийінің тиімділіктеріне кешенді талдау жүргізуін бағамдайды.

Анықтама

2018 жылғы 17 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды және 2019 жылғы 25 қазанда күшіне енді.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэннің төрағалық етуімен Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комиссияның осының алдындағы екінші отырысы 2021 жылғы 21 желтоқсанда бейнеконференцбайланыс форматында өтті.