Андрей Слепнев: "ЕАЭО-ның жаңа сауда келісімдері қосымша 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді"
31.08.2026

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Мәскеуде "Ресей" ұлттық орталығында өткен "Отан дегеніміз адамдар. Үлкен Еуразияны құру" тақырыптық іс-шарасында мәлімдеді.

"Егер 2019 жылы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің сыртқы саудасындағы Батыстың үлесі 60% болса, қазір ол 20%-дан төмен. Керісінше, жаһандық Оңтүстік елдерінің үлесі 40-тан 80%-ға дейін өсті — бұл сыртқы сауда көлемінің практика жүзінде төмендемеген кезінде. Біз бұрынғы нарықтарды жедел кеңейтіп, жаңаларын тауып, жаңа байланыс құра алдық", — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Қолданыстағы шарттарға қатысты айта келіп, Андрей Слепнев Вьетнаммен Одақ шеңберіндегі алғашқы еркін сауда туралы келісімді мысалға келтірді, соның арқасында ет тауарларының, минералдық тыңайтқыштардың, химиялық өнімдер мен металлургияның экспорттық жеткізілімі бірнеше есе өсті. Ал мұндай өсімнің артында, ЕЭК министрі атап көрсеткендей, көптеген жұмыс орнының пайда болуы тұр.

Оның сөзінше, Моңғолия, БАӘ және Индонезиямен күшіне енетін келісімдер бойынша да жақсы перспектива байқалып отыр, мұнда тауар жеткізілімінің шамамен 12 миллиард долларға қосымша ұлғаюы күтілуде, бұл ЕАЭО экономикасында шамамен 160 мың қосымша жұмыс орнын ашады. 

"Үнді трегі де перспективалы. Бұл жерден біз шамамен он миллиард долларлық жеткізілім өсімін күтеміз. Бұл 180 мыңға жуық жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын береді", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев. 

ЕЭК министрінің пікірінше, көптеген сауда келісімі өңірлердің экономикасын нығайту үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Атап айтқанда, Моңғолиямен жасасылған келісім Ресейдің Иркутск облысының, Бурятияның және Тываның тиімді дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты ЕЭК министрі өңірлердің екінші форумын және Моңғолиямен бірлескен комитеттің қыркүйек айына жоспарланған бірінші отырысын өткізу жайынан құлағдар етті.

Тақырыптық іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук қатысты.


Скачать исходники фотографий