10 қыркүйекте Нью-Дели қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоялмен кездесуі өтті.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің барысын талқылап, осы уақытқа дейін қол жеткізілген прогресті қанағаттанғандықпен атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлер өз келіссөз командаларына болашақ келісімнің негізгі ережелерін келісуді белсенді режимде жалғастыруды тапсырды.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Үндістан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды үдемелі дамыту мүддесіне орай процесті жедел ілгерілетуге деген ортақ мүдделілікті растай отырып, келіссөздердің кезекті толық форматты раундын қараша айында өткізуге сөз байласты."Бүгін біз біраз ілгерілеп, бірқатар мәселе бойынша уағдаластыққа жеттік. Енді біздің командаларымызды жыл соңына дейін келісілген график бойынша қарқынды жұмыс күтіп тұр", – деп хабарлады Андрей Слепнев.
Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер тараптармен келісілген келіссөз процесінің параметрлеріне сәйкес жүргізіледі. Осы уақытқа дейін ЕАЭО мен Үндістан арасындағы еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздердің екі раунды болып өтті. Екінші раунд Мәскеуде 2026 жылғы маусым айында өтті.