Андрей Слепнев ЕЭК-тегі Өзбекстан Республикасының өкілімен Өзбекстанның бастамалары бойынша жұмысты талқылады
03.07.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Өзбекстан Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ресми өкілі Фанил Кадировпен кездесу өткізді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2025 жылғы 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтқан бастамаларын пысықтау талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзиеевтің негізгі ұсыныстарының бірі Өзбекстанды Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жұмысына қосуға, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, саудаға цифрлық технологияларды енгізу аясында өзара іс-қимылдың жекелеген бағдарламаларын жасауға қатысты болды.

«ЕЭК Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде Өзбекстан Республикасымен көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне маңызды мән береді. Өзбек тарапының практикалық ұсыныстары туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін аталған мәселелер бойынша жұмысқа кірісуге дайынбыз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.