Андрей Слепнев Пәкістанның Федералдық министрі Джам Камал Ханмен еркін сауда туралы келісім жасасу мүмкіндігін талқылады
06.04.2026

6 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Пәкістанның Федералдық сауда министрі Джам Камал Ханмен кездесуі болып өтті.

"Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер Оңтүстік Азия елдерімен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға көп көңіл бөледі. Пәкістанды біз өңірдегі перспективалы әріптестердің бірі ретінде қарастырамыз: біздің елдеріміз арасындағы сауда серпінді дамып келеді және кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетке ие", – деп мәлімдеді Андрей Слепнев. 

Тараптар еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығын зерделеу бойынша бірлескен зерттеу тобын құру процесін бастауға уағдаласты.

"Пәкістан үшін ЕАЭО-мен ынтымақтастықты тереңдету саудадағы жаңа мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар логистика, энергетика, цифрлық сауда, өнеркәсіп және жеткізілім тізбегінің интеграциясы сияқты салалардағы стратегиялық әріптестікті де білдіреді", – деп атап өтті Джам Камал Хан.