Андрей Слепнев БАӘ сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед Аль Зейудимен Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау мәселелерін талқылады
29.05.2026

Астанада өткен V Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепневтің Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бин Ахмед Аль Зейудимен екіжақты кездесуі өтті.


Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен БАӘ арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімнің күшіне енуі үшін ішкі рәсімдерді аяқтауға жоғары дайындық бар екенін атап өтті.

«Құрметті министр мырзамен Келісімді мүмкіндігінше тезірек іс жүзінде іске асыруға кірісу қажеттігі туралы келістік. Осыған байланысты тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бизнес-миссияларды ұйымдастыру және өзара сауданы дамытуға ықпал ететін басқа да мәселелер бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді», – деп атап өтті Андрей Слепнев.